Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Сәрсен Аманжоловтың мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті

Өскеменде түркітанушы, қазақ тіл білімінің негізін салушы Сәрсен Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай «С. Аманжолов және филологияның өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараға білім ошағының ұстаздары, түркітанушының жақындары, студенттер мен магистранттар қатысты. Жиын мақсаты – профессор Сәрсен Аманжоловтың ғылыми мұрасын танып, насихаттау. Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі Айжан Қартаева модератор есебінде сөз алып, қатысушыларды келген меймандармен таныстырып өтті. Оның ішінде ғалымның немере-інісі Тілеу Ахметов, Ұлан ауданындағы С. Аманжолов атындағы орта мектептің директоры Нәзигүл Исканова болды.

 – Бүгін – университет үшін айтулы күн. Себебі, бұл білім ошағының ғалым, академик Сәрсен Аманжоловтың есімін алғалы 15 жыл болды. Ардақты азаматымыз еліміздің ғылымын дамытуға сүбелі үлес қосқан, – деді университеттің тәрибе ісі жөнінедгі проректоры Амангелді Төлемісов.

Осыдан кейін филология ғылымдарының кандидаты Слямбек Оразалиннің бастамасымен қолға алынып, ақын студенттердің өлеңдері басылған «Мөлдір бұлақ» кітабының тұсауы кесілді. Бір данасы Тілеу Ермекұлына да табыс етілді. Ғалымның немере-інісі жиын ұйымдастырған университет басшылығына алғысын білдірді.

Отырыстың келесі бөлімі оқытушылар мен студенттердің баяндамасын тыңдаумен өтті. Барлығының да көтерген тақырыбы қазақ тіл білімінің негізін салушының өмірі, шығармашылығы және еңбегі жайында болды. Тарих ғылымдарының кандидаты Әлия Өскембай ғалымның өміріне байланысты бірқатар маңызды деректер ұсынды. Оның айтуынша, ғалым барлық зерттеуді қазақтың ру-тайпаларынан бастау керек деген. Тіпті қазақтың үш жүзінің тайпалық құрамын зерттеген Бартольдтың еңбегіне қарсы шыққан – Сәрсен Аманжолов екенін жеткізді.

Амангелді Төлемісов ғалымның немере-інісін университет ректорының бастамасымен арнайы жасалған медальмен марапаттады. Дөңгелек үстел соңында Слямбек Оразалин 30-шы гвардиялық дивизия көшесіне Сәрсен Аманжолов атын беру жөнінде ұсыныс білдірді. Амангелді Ғабдылкәрімұлы ойды қолдап, осы істі соңына дейін жеткізу керектігін баса айтты.

Әділхан Есімханов,

журналистика мамандығының 3 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo