Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да стартап жобалар байқауы өтті

Физика жәіне технологиялар кафедрасында «Creative scitnce» клубының ұйымдастырумен «Эврика» ғылыми жобалар байқауы өтті. Мақсаты – студенттерді стартап жобаларына баулу, стартап жобаларға деген қызығушылын арттыру.

Байқауға физика және кәсіптік оқыту мамандықтарының студенттері қатысты. Қазылар алқасы қатарында кафедра меңгерушісі Гүлсім Бектасова, кафедра профессоры Риза Әбілқалықова, магистрі Нұрлан Досмұрат болды.

«Creative scitnce» клубының жетекшісі Парасат Зұлқаршын байқауды ашып, клуб жұмысымен таныстырды. Одан әрі қатысушыларға сөз кезегі берілді.

3 курс студентті Алдабергенова Гүлбаршын «Үнемді баспана» жобасын таныстырды. Жоба ерекшелігі – Қазақстанда әлі жасалмаған шыны бөтелкеден баспана тұрғызуда. Экономикалық жағынанда тиімді болмақ. 2 курс студентті Талап Бибіхан «Ұлттық нақыштағы оюларды заманауи үлгіде тұрмыстық заттарға қолдану» жобасының ерекшелігі – тойбастар, кәдесыйлар, көрпе-жастықтар жасау. 2 курс студентті Серікхан Аманбектің «Декар кірпіші» жобасының ерекшелігі – декар кірпішін жасау және декар кірпішінен жылу шығаруды зерттеу. 3 курс студентті Әкбар Нұржаудың «Әйнекті лазер арқылы ұлттық нақыштау» жобасы өте тиімді, қарапайым, 3-4 минутта жасауға болады. 3 курс студенті Сәмбек Балгерімнің жобасы – «Мақта кәмпит жасайтын құрылғы».

Қазылар алқасы 1 орынды Талап Бибіханға, 2 орынды Алдаберганова Гүлбаршынға, 3 орынды Серікхан Аманбекке берді. Кафедра меңгерушісі «Жас талап» байқауына жолдамалар тапсырды.

Физика және технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo