Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Статистика департаментінің ашық есік күні өтті

Математика кафедрасы мен ШҚО Статистика департаменті ынтымақтастығы аясында экономикалық және математикалық мамандықтар студенттері департамент өткізген ашық есік күніне қатысты.

Студенттерге Статистика агенттігі мен оның өңірлік департаментінің салалық және жиынтық ақпараттары бар үлестірме материалдар таратылды. Бұл материалдар диплом жұмысын жазуға көмектеспек.

Бастысы – студенттер статистикалық ақпарат барлық азаматтарға қолжетімді екенін білді, оны департаменттің stat.gov.kz сайтынан алуға болады.

Сондай-ақ, департаменттің пайдаланушылармен жұмыс басқрамасына жүгінуге болады (Тоқтаров к., 85, 206 кабинет, тел. 25-27-82) немесе сайттың «сұрақ-жауа»п бөліміне сауал жазуға болады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo