С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің Жастар ісі жөніндегі комитеті Тұңғыш Президент күніне орай «Студент, қызық мол жылдар!» атты ойын өткізді.
Қызықты әрі тартысты ойын №4 және №5 студенттер үйлерінде өтті. Студенттік өмірді қызықты өткізу, жастарды белсенді өмірге тарту мақсатында жүргізілген ойын 5 сайыстан тұрды – «Таныстыру», «Көлтауысар», «Епті болсаң, жасап көр», «Қомағай», «Фламинго».
Нәтижесінде студенттерден құралған командалар бірнеше орынға ие болып, мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті