Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да студентке бағытталған оқыту жүйесі іске асырылуда

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да студентке бағытталған оқыту жүйесі іске асырылуда, яғни осы жүйе бойынша студент білім беру үрдісіндегі пассивті «объект» емес, белсенді «субъект» рөлін атқармақ.

Студенттер мен магистранттар білім беру бағдарламасының мазмұнын анықтайды, білім беру траекториясын өздігінен қалыптастырады, оқытушыны таңдайды, оқыту әдістемесін, тиімділігін, оқытушының кәсіби қабілеттерін, оқытудың материалдық-техникалық қамтылуын, орынжайлардың тазалық жағдайын бағалайды.

Білім алушы студенттік өзін-өзі басқару арқылы жатақханаларда орындарды бөлуге, емтихандарды ұйымдастыруға және бақылауға атсалысуға, оқу орны отырыстарына қатысуға құқылы.

Мұнымен қоса, ректор мен ЖОО басшылығы студенттермен тұрақты түрде кездеседі, ол жиындарда жастар өз ұсыныс-талаптарын айта алады.

Студентке бағытталған оқыту – жоғары білім беру саласындағы болондық реформалардың негізгі қағидаты, ол бойынша білім беру үрдісіндегі басымдық оқытудан оқуға ауысуы тиіс.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo