С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Тәуелсіздік күніне орай Студенттер үйлерінде тұратын студенттер арасында баскетболдан сайыстар өтті.
Ашылу салтанатына проректор А. Толамисов қатысып, спортшыларға табыс тіледі.
Сайыс нәтижелері: 1 орын – №1 Студенттер үйі (команда капитаны – Е. Нұрымбет), 2 орын – №5 СҮ (капитан – Е. Толғат), 3 орын – тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі. Аталмыш команданың құрамында тәрбие жұмысы жөніндегі проректор А. Толамисов та белсенді ойын көрсетті. 4 орын – №4 СҮ, 5 орын – №3 СҮ.
Спорт клубы