Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да студенттер Қазақстан мен Ресейдің әйгілі археологтарымен кездесті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да тарих мамандығының студенттері мен магистранттарына, докторанттарына танымал археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Самашев «Шығыс Қазақстан археологиясы» ашық дәрісін оқыды.

Дәріс әкімшілік ғимараттағы «Рухани жаңғыру» конференц-залында өтті.

Өскемен педагогикалық институтының түлегі болып табылатын профессор Шығыс Қазақстан облысындағы археологияның даму барысы, өңірде соңғы үш жылда жүргізілген археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының нәтижелері туралы айтты.  

Биылғы бірегей жаңалық Тарбағатай ауданындағы Елеке сазы жерінен табылған «алтын» адам болды. Қазір ғалымдар жәдігерлерді реставрациялау, консервациялау жұмыстарымен айналысуда, олардың көбі университеттің археология мұражайында сақталмақ, оның ашылуы 26 қарашаға жоспарланып отыр.

Мұнымен қоса, Петербор университеті өнер факультеті реставрация кафедрасының аға оқытушысы, РҒА материалдық мәдениет тарихы институтының жетекші реставраторы Николай Сергеевич Курганов шеберлік сыныбын өткізді, «Алтайтану» ҒЗО аға ғылыми қызметкері Елдос Қариев ШҚМУ-дағы археология туралы баяндама жасады.

Н. С. Кургановтың айтуынша, Шығыс Қазақстан – археологиялық ескерткіштерге ерекше бай ғажайып өлке. 

–Таулы өңірдегі төменгі температураның арқасында қорғандарда органикалық материал жақсы сақталған, бұл – сирек ұшырасатын құбылыс. Мәселен, «Қарақаба 12» қорғанында жауынгердің қару-жарағымен қатар, ағаштан жасалған музыкалық аспабы да тамаша сақталған, – деді ол.

Реставратор Шығыс Қазақстан қорғандарында атқарған жұмысы, реставрацияның заманауи әдістері туралы айтып, сауалдарға жауап берді.

Е. М.Қариев соңғы жылдары ғалымдар З.С. Самашев пен А.С. Жанбосынованың арқасында ШҚМУ археологиялық қазбаларға белсенді қатысып жүргенін атап көрсетті.

Оның айтуынша, ЖОО ректорының бастамасымен археологиялық зерттеулерге арналған электр-магниттік радар сатылып алынған, соның арқасында жерді қазбай-ақ жаңа археологиялық нысандар табылып отыр.

Е.М. Қариев сөз соңында студенттерді қазба жұмыстарына қатысуға шақырды. Олардың тұрмысы үшін барлық жағдай жасалғанын да атап өтті. 

Іс-шараға Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкерлері Айдос Шотбаев пен Ерболат Рахманқұлов та қатысты. 

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo