Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да студенттердің «Авангард» театр-студиясы «Қалыңдық мүрдесі» мюзиклін қойды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да алғашқы мюзикл қойылады. Тим Бертонның шығармасы желісіндегі «Қалыңдық мүрдесі» («Труп невесты») музыкалық-би спектаклін жастардың «Авангард» театр-студиясы сахналады.

Студияның негізін қалаушысы және жетекшісі, мюзиклдің режисеры Никита Дерябиннің айтуынша, спектакль махаббат пен жеккөрушілік, өмір құндылықтары, отбасы туралы.

Спектакльдің дыбыс режиссеры – Әсем Сәденева, костюмерлері – Анастасия Эрмель, Алена Ливицкая, Мария Киселева, гримдеушілері – Анастасия Эрмель, Алена Ливицкая, Варвара Смирнова, Салтанат Машинова, Анна Гирш.

Мюзикл көрермендері арасында ЖОО ректоры М. Төлеген мен СД және ҒЖ жөніндегі проректор И. Ровнякова болды. Залда ине шаншар орын болмады. Қойылым сәтті шықты!

Баспасөз қызметі

Фото https://cloud.mail.ru/public/4Vji/c1xPB589d

Қазақ
× You found a Typo