29 қазанда әкімшілік ғимаратта дәстүрлі мереке – «Күзгі бал-2018» болып өтті, оған №3, 4, 5 Студенттер үйлерінде тұратын жастар қатысты.
Іс-шарана тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі, жастар ісі жөніндегі комитет, Студенттер үйлерінің студенттік кеңестері ұйымдастырды.
Кеш басында тәрбие жұмысы жөніндегі проректор А.Г. Толамисов құттықтау сөз сөйледі.
Мерекелік кеш бірнеше шығармашылық байқаудан тұрды, оның ішінде Студенттер үйлеріндегі жастардың тұрмысы туралы бейнероликтер сайысы, күз тақырыбына арналған плакаттарды қорғау, музыкалық және би номерлері болды.
Кеште, сондай-ақ, арулар сән үлгілерін көрсетті, олар тек матадан ғана емес, сонымен қатар пленка мен целлофаннан, жапырақ пен шөптен жасалған көйлектер киіп шықты …
Мереке кулинарлық байқаумен аяқталды, қыздардың әзірлеген тағамдары тек дәмі тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ сыртқы көрінісі, әдемілігі тұрғысынан да бағаланды.
Кеш соңында проректор А.Г. Толамисов жеңімпаздарды құнды сыйлықтармен марапаттады.
Бас жүлдені №5 Студенттер үйі жеңіп алды, 1 орынды №4, 2 орынды №3, 3 орынды №1 Студенттер үйлері иеленді.
Фото https://cloud.mail.ru/public/BA72/DoKgRWEzq
Баспасөз қызметі