С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да педагогикалық емес мамандықтар студенттеріне арналған Career Day өтті.
Іс-шарада «Kaspi Bank» және «Қазақтелеком» компанияларының презентациялары өтті. Студенттерге компаниялардың қызметі, тағылымдама бағдарламалары, аталған компанияларда жұмысқа орналасу талаптары мен шарттары туралы айтылды.
Сонымен қатар, жұмыс берушілер Mock Interview сессиясын өткізді. Макет сұхбаттасу – студенттерді жұмыс сұхбатынан сәтті өтуге үйрету үшін пайдаланылатын әңгімелесу үлгісі. Осындай тәжірибе қиын сұрақтарға қалай жауап беру керектігін үйретеді, софт дағдырларды жетілдіруге көмектесіп, сұхбаттасу кезінде стресті төмендетуге үйретеді.
11 желтоқсанда сағат 15.00-де Өскемен мектеп директорларының қатысуымен педагогикалық мамандықтар студенттері үшін Career Day жоспарлануда.
Бакалавриат пен магистратураның сонғы курс студенттерін қатысуға шақырамыз!
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы