Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да студенттерге арналған «Жас кәсіпкер мектебі» курстары өтуде

Біліктілікті растау орталығы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасымен бірге «Жас кәсіпкер мектебі» курстарын өткізуде.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Біліктілікті растау орталығы «Атамекен» ШҚО Кәсіпкерлер палатасымен бірге 5 қарашадан бастап ЖОО студенттеріне арналған «Жас кәсіпкер мектебі» курстарын өткізіп жатыр.

Студенттер кәсіпкерлік, маркетинг, брендтеу негіздерін біліп, бизнес жоспар құруға үйренеді. Курсты табысты аяқтағандарға «Атамекеннің» сертификаттары табысталып, олар гранттық қаржыландыру байқауларына қатысу мүмкіндігін алады.

Тренингті «Атамекен» палатасының сертификатталған жаттықтырушылары Талғат Қасенов пен Адина Қасенова жүргізуде.

Курстардың басталуы туралы хабар «Алтай» телеарнасы арқылы таратылды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo