С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да қазақстандық студенттік сәйкестендіру картасын іске қосу мүмкіндігі қарастырылуда.
Егер енгізілетін болса, карта оқудың бүкіл кезеңіне немесе әр курсқа ауысқан сайын берілуі мүмкін.
Аталмыш картада студент туралы мәліметтер, ЖОО реквизиттері сақталатын болады. Мұнымен қоса, студент картасы оқу билеті және университетке кіру рұқсатнамасы, сондай-ақ қаланың мәдени-бос уақыт мекемелеріне арналған дисконт картасы ретінде қолданыла алады.
Баспасөз қызметі