Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үрдісінде интернет-ресурстарды пайдалану бойынша вебинар өтті

ШҚМУ экономика және құқық факультетінде өткен вебинарда адалдық, студенттердің жаңа цифрлық білім беру форматындағы аттестациясының әр түрлі түрлі бақылауларын онлайн режимінде өткізу, студенттердің іс-тәжірибесінің қорғауын онлайн форматта өткізу, этикалық мәселелер талқыланды.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да экономика және құқық факультеті университет оқытушылары мен қызметкерлері үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда интернет-ресурстарды пайдалану» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинарға университет оқытушылары мен қызметкерлері қатысты. Оқу процесінде цифрлық технологияны белсенді қолданумен байланысты жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы, моральдық-этикалық және ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.

Спикерлер (Ардақ Мұхамедиева – экономика және құқық факультетінің деканы, Гүлмира Байыркенова – ШҚМУ «Sanaly urpaq» фронт-кеңсесінің жетекшісі, Ержан Домалатов – экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, Әсел Апышева – қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі) өзекті мәселелерді сөз етті.

Вебинарда қазіргі туындап отырған жағдайдағы оқу процесіне қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың және қашықтықтан оқыту форматына көшудің маңызды аспектілері қарастырылды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo