- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Еліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да болды.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Юрьевич Василенко жұмыс сапарымен Өскеменге келіп, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да болды. Оқу орнындағы «Мәңгілік Ел» ғылыми-білім беру орталығында қадірменді қонақ Елбасы Жолдауын түсіндіру аясында Филология, тарих және халықаралық қатынастар факультеті студенттерімен кездесті.
Кездесуге тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ирина Владимировна Ровнякова және факультет декандары, құрылымдық бөлімшелер жетекшілері, студенттер қатысты.
Жиын соңында университет оқытушылары мен студенттері сыртқы істер министрінің орынбасарына сұрақтар қойды. Дипломатиялық қызмет жетекшісіне ең жиі қойылған сауалдар министрлікте іс-тәжірибеден өту мүмкіндігіне қатысты болды.
Баспасөз қызметі