Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Табыс формуласы» атты жас педагогтардың өңірлік форумы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да алғаш рет жаңа, ерекше іс-шара – «Табыс формуласы» атты жас педагогтардың форумы болып өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум мақсаты – жас ұстаздардың қалыптасу мәселесіне көңіл аударту, олардың кәсіби өсуіне және шығармашылық тұрғыда дамуына қажет жағдайларды жақсарту. Ал міндеттері – жас мұғалімдердің кәсіби пікір және тәжірибе алмасулары үшін жағдай жасау, оларға консультациялық және ұйымдастырушылық тұрғыда көмек көрсету. 

Басқосуға білім мекемелерінің басшылары, педагогтары, әдіскерлері, мұғалім мамандарды даярлайтын ШҚМУ оқытушылары қатысты.

Форум аясында тақырыптық көрме, шеберлік сыныптары ұйымдастырылды, оларда жас педагогтардың кәсіби өсуі, оқу үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану, инклюзивті білім беру, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында өскелең ұрпаққа патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру сынды ең маңызды мәселелер талқыланды. 

Ал, әдістемелік алаңдарда білім берудің келесі өзекті мәселелері қарастырылды – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында заманауи патриоттық тәрбие беру», «Инклюзивті білім беру мүмкіндіктері», «Білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану», «Менеджмент және білім беру».

-Жас педагогтар форумы – бұл өзара іс-әрекет жасаудың өзіндік бір формасы, Шығыс Қазақстан облысындағы барлық білім беру мекемелерімен әлеуметтік әріптестік орнатудың формасы. Біздің университетте жоғары білікті мамандардың, жоғары білім ардагерлерінің, білім беру саласы үздіктерінің, педагогика саласы ардагерлерінің жұмыс істегенін және қазір де жұмыс істеп жүргенін мақтан тұтамыз. Біз Сіздерге ерекше ризамыз, баршаларыңызға мың да бір алғыс! С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 66 жыл ішінде 50 мыңнан астам түлек ұшырды. Өскемен педагогикалық институты – бұл педагогикалық білімнің бренді, ШҚМУ еліміздегі білім саласының көшбасшысы атануға ұмтылуы тиіс, – деді өзінің құттықтау сөзінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Салтанатты жағдайда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген білім саласының дамуына үлес қосқан қаладағы үздік ұстаздарды Алғыс хаттармен марапаттады.

Алғыс хаттарды Бақыт Қалиасқарқызы Шаихова, Салтанат Қайратқызы Айтқожина, Айжан Солтанғалиқызы Тілебалдинова, Сымбат Жайлауханқызы Бейсенова, Жәзира Қуатбекқызы Қайырбаева, Жанетта Амангелдіқызы Қалимолдина, Ләйла Мырзамұхамбетқызы Ахметова, Айнұр Қуатпекқызы Қозыбаева, Дәурен Серікұлы Байдрахманов алды. Ал Абай атындағы кеуде белгісін ректордың қолынан қоғамның танымал қоғам қайраткері, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Шайзадақызыа Екібасова алды.

Білім және ғылым министрлігінің грамоталарына Надежда Александровна Завалко, Сараш Асқарқызы Ислямова, Василий Петрович Русанов, Сләмбек Қалибекұлы Оразалин ие болды.

Мұнымен қоса, ШҚМУ-дың педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасы ұйымдастырған ШҚО жас педагогтары арасындағы эсселер байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары марапатталды.

Орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдер арасында 1 орынды «Бриг» жекеменшік мектебінің мұғалімі Анна Юрьевна Зверева, 2 орынды №7 орта мектептің мұғалімі Екатерина Владимировна Ахметова, 3 орынды №31 мектеп-лицейінің мұғалімі Вера Алексеевна Черепанова, 3 орынды №10 мектептің мұғалімі Виктория Васильевна Большева иеленді.

Қазақ тілінде сабақ беретін мұғалімдер арасында: 1 орын – Ғазизханова Айдана Ертайқызы, №6 «Күншүақ» балабақша-бөбекжайы, 2 орын – Мұратқанова Шырын Мұратқанқызы, №1 «Балапан» балабақша-бөбекжайы, 3 орын – Куантқан Гүлнұр, №32 орта мектеп, 3 орын – Мәдениет Айбек Нұрланұлы,  №27 орта мектеп.

Студенттер арасында Елтаева Аяулым (1 орын), Диана Мәдениет (2 орын), Рысбек Сандуғаш (2 орын), Дарья Худякова (3 орын), Арайлым Төлеуханова (3 орын) жеңімпаз атанды.

Форум мерекелік концертпен аяқталды.

Фото https://cloud.mail.ru/public/Evr9/DJVLeEsSJ 

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo