Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Талғамы биік, танымы терең» атты кітап көрмесі өтуде

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасында тарихшы, профессор Ермұхан Бекмахановтың 105 жылдық және тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші Мұхтар Мағауиннің 80 жылдық мерейтойларына орай «Талғамы биік, танымы терең» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге Ермұхан Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың  20-40 жылдарында», «Очерки истории Казахстана ХІХ в», Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» тарихи дилогиясы, «Шақан Шері» романы және Медеу Сәрсекенің «Ермахан Бекмаханов», С. Мажитовтың «Историк Ермухан Бекмаханов», «Тарихи тұлғалар» кітаптары, «Хабаршы», «Жұлдыз», «Ақиқат» секілді журналдарда жарық көрген мақалалар қойылды.

Ермұхан Бекмаханов 1915 жылдың 14 ақпанында Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасындағы Төре ауылында дүниеге келген.

Воронеж педагогикалық институтын бітірген. 1937-1940 жылдары Педагогикалық ғылыми-зертеу институтының (қазіргі Білім академиясының) ғылыми қызметкері, директоры болды. Соғыс жылдары Халық ағарту комиссариатының басқармасын басқарды. Тарих, археология және этнография институтының аға ғылыми қызметкері, директорының орынбасары, Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы, профессоры, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Е. Бекмаханов 1946 жылы «ХІХ ғасырдың 20-40-шы жылдарындағы Қазақстан» атты еңбегін КСРО Ғылым академиясы Тарих институтының ғылыми кеңесінде қорғауға ұсынып, бір жылдан кейін жеке кітап қылып бастырды.

Еңбек орыс отарлауының бастапқы кезеңіндегі Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстарға арналған. Е. Бекмаханов 1952 жылы 25 жылға бас бостандығынан айырылып, жер аударылды. Осы ауыр кезеңде оған мәскеулік достары көп көмек көрсетті. Академик А. Панкратованың тікелей араласуы және сталиндік режімді әшкерелеу бойынша әрекеттердің басталуы ғалымның түрмеден босауына мүмкіндік берді. Ғалымның 100-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде Қазақ КСР тарихы бойынша хрестоматиясы, орта мектептер үшін Қазақ КСР тарихы бойынша 6 оқулығы бар.

Мағауин Мұхтар Мұқанұлы 1940 жылы ақпан айының екінші жұлдызында Аягөз ауданы Баршатас ауылында дүниеге келген. Ол – әдебиет зерттеушісі, филолология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның халық жазушысы. ҚазМУ-ды 1962 жылы бітірген. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында, «Жалын» альманахында бас редактордың орынбасары, Әдебиет және өнер институтында, ҚазПИ-де аға ғылыми қызметкер, доцент, «Жазушы» баспасында (1965-1986) бас редактор қызметтерін атқарған. 1988-2006 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды. 2007 жылдан еркін шығармашылық жұмыста.

Мағауиннің «Кешқұрым», соғыстан кейінгі ауыл өмірін суреттеген «Ақша қар», «Қияндағы қыстау»әңгіме, повестері, «Көк мұнар», «Шақан шері» романдары, «Аласапыран» тарихи роман-диалогиясы жарық көрген. Жазушы шығармаларында ХХ ғасырдағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің тағдыры психологиялық-философиялық тереңдікпен көркем бейнеленген. «Қобыз сарыны» монографиясында хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларын жүйелі түрде талданады. 

Көрменің мекенжайы: №1 оқу ғимараты, 103 дәрісхана.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo