- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Аталмыш штаб 2017-2018 оқу жылындағы қысқы емтихан сессиясы кезеңінде сыбайлас жемқорлық деректерінің алдын алу мақсатында ректордың м.а. И.В. Ровнякованың бұйрығымен құрылды.
Штаб құрамында – штаб төрайымы, ректордың м.а., ОӘЖ жөніндегі проректор И.В.Ровнякова, Тең төрағалар – СДжҒЖ жөніндегі проректор А.Б. Мырзағалиева, ТЖ жөніндегі проректордың м.а. Г.М. Борамбаев, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, штабтың жауапты хатшысы А.Т.Батырбай.
Штаб мүшелері: ЭжҚФ деканы А.Г.Мұхамедиева, ТФжХҚФ деканының м.а. А.С. Жанбосынова, ЖҒжТФ деканы Н.М.Темірбеков, ППжМФ деканы Г.Б. Күленова, баспасөз қызметінің жетекшісі О.Ю. Сизова. Штаб құрамына он студент енді, олардың қатарында Ж. Әбен, А. Мұхамедғалиев, М. Азаматова, А. Оразаева және басқалар бар.
Штаб мүшелері сыбайлас жемқорлық көріністерін тәртіптік-сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңеске, ректор блогына дереу хабарлап отырулары тиіс.
Баспасөз қызметі