- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ экология және география кафедрасында «Мен темекі шекпеймін және шеккімде келмейді!» атты тәрбиелік дөңгелек үстел отырысы өтті.
Мақсаты – жастарға темекінің ағзаға тигізетін зиянды әсері және одан туындайтын ауру түрлері туралы ақпарат беру, оларды салауатты өмір салтын ұстануға үндеу.
Іс-шараға Үлбі полиция бөлімі кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөнінде бойынша аға инспекторы, полиция майоры Жақсыбаева Динара, полиция аға лейтенанты Бақытбекқызы Назым қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. Жиынды экология және география кафедрасының меңгерушісі, доцент Күлзипа Дәкиева қорытындылады.
Отырысты 1 курс студенттері Гүлнұр Тастандинов мен Қаламқас Дәулетова ұйымдастырды. Кураторлары – Гүлфат Қалелова.
ЖҒжТФ 1 курс студенттері