Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен оған қарасты Жоғары колледж студенттері арасында «Тіл білгірі» байқауы өтті.
Мақсаты қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген студенттерді анықтап, шет тілдерін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болған байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші тапсырмада қатысушылар үш тілде танымал сленгтер туралы айтса, келесі екі кезеңде ойларын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде білдіру қабілеттерін көрсетті.
Сайыс қызықты әрі мазмұнды өтті. Құрамында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Шырын Солтанбекова мен «Тіл әлемі» оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі Камилла Слямкулова бар қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Жоғары колледж студенті Мөлдір Болтағазиева, екінші орынды Экономика және құқық факультетінің студенті Ерболат Кемаладин, үшінші орынды Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің студенті Салтанат Исаханова иеленді.
Шара соңында студенттерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
«Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығы