С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Шет тілдері және аударма ісі кафедрасы Тілдер фестивалін өткізді, шара қытай, неміс, ағылшын, корей, түрік тілдеріне арналды.
Фестивальға «Шет тілі: екі шет тілі», «Аударма ісі» мамандықтарының 1-4 курс студенттері қатысты.
Іс-шарада тілдері оқытылатын Қытай, Германия, Англия, АҚШ, Корея, Түркия елдері туралы презентациялар көрсетіліп, қытай, түрік, корей халық әндері айтылып, билері биленді.
Польшада, АҚШ-та, Кореяда академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыған студенттер баяндама жасады.
Шараға Өскемен мектептерінің оқушылары, колледждер студенттері, білім мекемелерінің басшылары мейман ретінде келді. Мұндағы мақсат – түлектерге кәсіптік бағдар беру, талапкерлерді тарту.
Баспасөз қызметі