Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да тілдік пәндерді қашықтан оқытуға арналған вебинар өтті

Вебинарға университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, оқытушылар және қызығушылық танытқан барлық тұлғалар қатысты. 

Шараға қазақ, орыс филологиясы және журналистика, шет тілдері және аударма ісі кафедралары оқытушыларының іс-тәжірбиесі негіз болды.

Вебинарға қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. С.Т. Қасенов, шет тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Г.Қ. Қапышева модераторлық етті.

Карантин жағдайында жоғары оқу орындарының оқытушылары ҚОТ қолдана отырып, тілді оқытудың жаңа мүмкіндіктерін іздеуге мәжбүр. Шетел тілдері және аударма ісі және қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушылары өзекті тақырыптарға баяндамалар жасап, тәжірибе алмасты.

Ф.ғ.к., доцент А.А. Әлімханның баяндамасы «Қазақ тілін қашықтан оқытудың тиімді жолдары» тақырыбына арналған. Айгүл Әсетқызы қашықтан оқыту үдерісінде электронды оқулықтарды қолданудың студенттердің мамандықты терең меңгеруіне, ғылыми-теориялық білімін және педагогикалық шеберлігін дамытуға ықпал ететінін өзінің «Шығыс Қазақстанның ономастикалық кеңістігі», «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» оқулықтары мысалында көрсетті.

Қауымдастырылған профессор Е.Е.Чжанның баяндамасы ағылшын тілін қашықтықтан оқытуда бейнеконтентті қолдануға арналған. Баяндамашы ауызша сөйлеуді дамыту, ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту үшін видеоконтентті қолдануда көптеген пайдалы мысалдар келтірді.

Қауымдастырылған профессор И.Ю. Ларионованың «Ағылшын тілін қашықтықтан оқытуда CLIL әдістемесін қолдану» баяндамасы ғалымның ғылыми-әдістемелік зерттеулерінің негізгі мәселесі болып табылады, бірнеше жыл бойы Ирина Юрьевна CLIL әдістемесін табысты енгізуде және осы тақырып оның ғылыми жарияланымдарында көрініс тауып, үлкен жетістіктерге ие.

Шет тілдер кафедрасының оқытушысы З.К.Құрмашева ағылшын тілі сабағында ойын және ақпараттық технологияларды енгізу тәжірибесімен бөлісті. Оқытушының химия-биология бағытындағы мұғалімдерді ағылшын тіліне оқыту бойынша үлкен практикалық тәжірибесі бар. Оның ағылшын тілін қашықтан оқытуда ақпараттық ойын технологияларын қолдану туралы баяндамасы өте пайдалы болды.

Ф.ғ. к., доцент Т.В.Галкинаның «Журналистиканы қашықтықтан оқытуда электронды ресурстарды қолдану» баяндамасы CABAR.asia медиамектебі, медиа, коммуникация және сараптамалық талдау саласында дамуды қалайтындар үшін пайдалы, мақсаты Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде азаматтық қоғамды дамытуды қолдау болып табылатын MediaNet халықаралық журналистика орталығы сияқты көптеген функционалдық платформалардың мүмкіндіктерін көрсетті. Сондай-ақ, ол gramota.ru, glvrd.ru, Mentimeter бағдарламалары мен порталдарының мүмкіндіктері туралы айтты.

«Review of free IELTS preparation resources available in April 2020» атты тақырыпта PhD докторы, доцент Д.Р.Мұхамеджанова IELTS халықаралық емтиханына дайындық бойынша тегін ресурстарға кең шолу жасады. Ағылшын тіліндегі баяндама бакалавриат түлектері мен магистратура мен докторантураға түсуді жоспарлап отырған жас оқытушылар үшін пайдалы болды.

Ф.ғ. к., қауымдастырылған профессор Г.К.Қапышева студенттер мен оқытушыларды Coursera for Campus on line платформасының жаңа мүмкіндіктері туралы ақпараттандырды. COVIND-19-дан зардап шеккен елдердің барлық жоғары оқу орындарына Coursera for Campus платформасының ресурстарына тегін кіру мүмкіндігі беріледі.

Бұл – оқытушылар, қызметкерлер, білім алушыларды үздіксіз оқытуды қамтамасыз ететін, жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын қолдайтын қуатты ресурс. Тіркелу жылдам және қолжетімді, академиялық мақсатты таңдауға болады, курсты сәтті аяқтаған жағдайда сертификат беріледі. Coursera for Campus платформасы жоғары оқу орындарына 31-шілдеге дейін тегін кіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, басқа тегін онлайн курстар ұсынылды.

Вебинар Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментімен (директоры И.С.Стеблецова), әдістемелік жұмыс және білім беру бағдарламаларын қамтамасыз ету бөлімімен (басшысы С.С.Оразова) тығыз байланыста ұйымдастырылды. Шараны ұйымдастыруға ҚОТ бөлімінің басшысы А.Құдайбергенова, әдіскер З.Сарынова көмек көрсетті.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы 

Қазақ
× You found a Typo