С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да төтенше жағдай кезіндегі университеттің тұрақты жұмысын ұйымдастыру бойынша жедел штаб құрылды, оны оқу орнының ректоры басқарады.
Жедел штаб Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 жаңа коронавирусын індет деп жариялауына және ел Қ. Тоқаевтың «Қазақстанда төтенше жағдайды енгізу туралы» №285 Жарлығына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында құрылып отыр.
Оқу орны ректоры Мұхтар Төлеген төрағалық ететін штаб құрамына проректорлар, декандар, кейбір құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері енген.
Баспасөз қызметі