- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың биология кафедрасында «Тәуелсіз елім – Қазақстаным» атты туған жерге, тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарға арналған өлең-жыр сайысы өтті.
Сайыста кафедраның 1-4 курс білім алушылары монолог, ой-толғау, авторлық өлеңдерін мәнерлеп оқып, ән айтты, би биледі, өнерлерін паш етті.
Сайыс нәтижесінде студенттер жүлделі орындар мен «Намысшыл патриот», «Ұлтының жанашыр патриоты», «Отанының адал патриоты» аталымдарын жеңіп алды.
Биология кафедрасы