Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Тәуелсіздік – тұғырым» ашық кураторлық сағаты өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының доценті Айымгүл Сейпутанова қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс студенттеріне «Тәуелсіздік – тұғырым» ашық кураторлық сағатын өткізді.

Мақсат – жастарды Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға және Қазақстанда мекен етіп жатқан  ұлттар арасындағы достықты және тұрақтылықты нығайта түсуге тәрбиелеу, қазақстандық патриотизм рухын одан әрі дәріптеу.

Шараның беташарында республикалық «Алтын тобылғы» байқауына жолдама алған, бірнеше дүркін айтыс додасының жеңімпазы Жұлдызай Маратбекова Тәуелсіздік мерекесіне арнау айтса, бірнеше мүшәйраның жүлдегері атанған Алтынғадыс Күнтуған, Оразай Жеңіс, Естай Жанабаев жырдан шашу шашты.

1 курс студенттері өз өнерлерін ортаға салып, Тәуелсіздікке қол жеткізу жолынан сыр шертетін саханалық көріністер қойып, потриоттық әндерді әуелетіп, күй тартып, әр ұлт өкілдерінің би өнерінен үзінді көрсетті.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедра

Қазақ
× You found a Typo