Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пәндік олимпиадасы өтті

5 мамырда ШҚМУ-да «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пәндік олимпиадасы болып өтті.

Іс-шара С. Аманжолов атындағы ШҚМУ базасында іске асырылып жатқан «Шығыс Қазақстанның өркениеттік феномені» жобасы аясында өтті.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен «Дарын» ШҚ РҒТО.

Олимпиадаға облыстың түрлі аудандары мен қалаларынан 26-дан астам команда (200-ден астам 6-11 сынып оқушысы) қатысты.

№1 оқу ғимаратында өткен олимпиаданың бірінші бөлімінде оқушылар әдебиет, география, Қазақстан тарихы бойынша сайысты. Мұнымен қоса, оқушылар университетпен де танысты. Олар оқу орнының зертханаларында, ғылыми кітапханасында, орталықтарында болды.

Түстен кейін әкімшілік ғимаратта өткен екінші бөлімде «Кіші отанымның тарихи-мәдени мұрасы» фотобайқауы өтті. Жеңімпаздарды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М. Төлеген, «Нұр Отан» партиясы Өскемен филиалы төрағасының бірінші орынбасары М. Екібасова, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Ж. Ісләмова дипломдармен марапаттады.

Іс-шара «Сәлем саған, туған жер!» концертімен аяқталды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo