Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да түлектерді жұмысқа бөлу рәсімі онлайн режимде жалғасуда

Бекітілген кестеге сәйкес 12 және 13 наурызда мемелекеттік білім беру гранты (оның ішінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы және ауылдық квота) бойынша оқуды бітіретін студенттерімен алдын ала жұмысқа бөлу рәсімі өтті.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қазір алдын ала жұмысқа бөлу рәсімі бойынша жұмыс whatsapp, telegram месенджерлері арқылы әр түлекпен жеке жүргізіледі.

Мемлекеттік білім беру гранты (оның ішінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы және ауылдық квотамен) бойынша оқуды аяқтайтын студенттерге арналған жаднамалар, өтініш нысаны және облыстық білім басқармасының деректері бойынша білім беру ұйымдарындағы бос орындар туралы ақпаратпен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ресми сайтында «Жұмысқа орналастыру» бөлімінде танысуға болады.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo