Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да түлектерге диплом тапсырылды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ акт залында ЖҒжТФ, ТФжХҚФ, ППжМФ түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті.

Биыл ЖҒжТФ-н 100, ТФжХҚФ-н 85, ППжМФ-н 95 түлек бітірді. 

Салтанатты рәсім отбасылық жылы рәуіште өтті, өйткені түлектерді құттықтауға олардың ата-аналары, жұбайлары және балалары да келді.

– Құрметті түлектер, ата-аналар, оқытушылар! Елдегі үздік оқу орындарының бірінен саналатын Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін сәтті аяқтап шығуларыңызбен баршаңызды құттықтаймын! 67 жыл ішінде ШҚМУ-да 60 мыңнан астам адам білім алды. Университетте тағы 17 жаңа мамандық ашылып отыр. Төрт жыл бойы Сіздер диплом үшін еңбек еттіңіздер, енді диплом Сіздер үшін еңбек етпек. Алған білімдеріңізді іс жүзінде кәдеге жаратуларыңызды тілеймін! Оқуларыңызды магистратура мен докторантурада жалғастыруға шақырамын. Ақ жол! – деді ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Бұдан соң оқу орнының ректоры, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері түлектерге диплом, ата-аналарға алғыс хат, жыл студенттеріне медальдар табыс етті.

Мерекелік концертте бітіруші студенттер арасынан Мұхаммед Керей және Әлішер, Зухра, Бақытбек триосы өнер көрсетті.  

Салтанат соңы естелік фотосуреттерге түсумен аяқталды.

Баспасөз қызметі

Фото  https://cloud.mail.ru/public/Ltjz/4RhHfqsMr 

Қазақ
× You found a Typo