Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік концерт өтті

Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Ұлтты бастар – рухты жастар» студенттер форумының салтанатты жабылуы аясында мерекелік концерт өтті.

Жиын Тұңғыш Президент туралы фильмнің көрсетілімінен басталды.

– Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы Елбасының рөлі орасан зор. Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен еліміз қалыптасып, дамып, толағай табыстарға жетті, – деді мереке жүргізушілері. 2019 жылды Елбасы Жастар жылы деп жариялаған-ды. Бұл жайт жастар қозғалыстарына серпін берді.

Университет ректоры Мұхтар Төлеген оқу орнының студенттерін, оқытушыларын, қызметкерлерін, ардагерлерін құттықтады.

– Құрметті әріптестер, студенттер, қонақтар Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шарамызға қош келдіңіздер! Бұл – еліміз үшін айтулы дата. Осы күні бүкіл еліміз, оның ішінде біздің оқу орнымыз да өз жетістіктерімен лайықты түрде мақтана алады, – деген ол университетте ашылған жаңа зертаханалар, орталықтар, дәрісханалар туралы айтты.

Тұңғыш Президент күніне орай оқу орны ерекше сыйлық әзірледі. Ректор Мұхтар Әділбекұлыны Төлеген басшылығымен ШҚМУ «ЕЛБАСЫ СҮЙІП ТЫҢДАЙТЫН ӘНДЕР» кітабын жарыққа шығарды. Жиында сол еңбектің тұсауын кесілді. Лента кесу рәсіміне ректор және музыкалық білім беру кафедрасының профессоры Әлмира Нұрғожина қатысты.

Концертте Айдана Болат «Қазағымсын», Тілек Бөкебай «Мақтанамын», Ю. Ананьев Елбасы сүйіп тыңдайтын «Когда весна придет не знаю...» әндерін орындады.

Салтанат соңында әскери кафедра тыңдаушылары «Көк тудың желбірегені» әнінің сүйемелдеуінде мемлекеттік туларды сахна төріне алып шықты, осы сәтте көрермен тік тұрып, ұзақ қол шапалақтады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo