Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да тұрақты жұмыс істейтін әдістемелік семинардың қорытынды отырысы өтті

6 маусымда тұрақты жұмыс істейтін әдістемелік семинардың қорытынды отырысы өтті.

Бағдарлама барысында 2017-2018 оқу жылының ТЖІӘС жұмысын қорытындылады. ТЖІӘС мүшелері семинарда қаралған бірнеше маңызды тақырыптарды  атап өтті. Қатысушылар өздерінің ойларымен бөлісе отырып, келесі оқу жылы ТЖІӘС тақырыптарын жоспарлағанда көңіл аударуды қажет ететін бірқатар сұрақтарды талқылады.

Мәселен жоғары білім беру мазмұнын жаңарту проблемаларын, білім берудің белсенді оқыту әдістерін енгізу, цифрландыру, критериялық бағалау, білім беру үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу, үштілділік оқыту технологиясын қолдану тәжірибесін үйрену және т.б.  Қатысушылар сабақтардың маңыздылығын, жоғарғы дәрежеде өткізілгенін атап өтті. Педогогикалық тәжірибелерімен бөліскен дәріскерлерге алғыстарын айтты.

ТЖІӘС жетекшісі п.ғ.к., профессор Завалко Надежда Александровна қатысушыларға кәсіби қызметтік жетістіктерге жетуін тілеп, келесі оқу жылында да тұрақты жұмыс істейтін әдістемелік семинар өз жұмысын жалғастыратынын атап өтті.

Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo