Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да туризм апталығы аясындағы іс-шаралар өтуде

23 қыркүйекте С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да туризм апталығы басталды.

Экономика және басқару кафедрасының меңгерушісі Т. А.Абылайханова құттықтау сөзінде әлемдегі туристік саланың және Қазақстанның туристік индустриясына білікті мамандар дайындаудың маңызын атады.

Іс-шара «Менің болашақ мамандығым» ашық кураторлық сағаты түрінде жалғасты. 2, 3 курс студенттері қонақтарға «Туризм» білім беру бағдарламасы жайлы айтты.

24 қыркүйекте «G-Global» алаңындағы экономикалық және құқықтық зерттеу орталығында облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен үздік туристік бағыт (экологиялық, сакральды, аралас), этнотуризм бойынша үздік іс-шара, туризм саласындағы ноу-хау бағыттары бойынша конкурс өтті.

Туризм басқармасы туризмді дамыту бөлімінің басшысы Инара Бодықова байқаудың мақсат-міндеттерін атап өтті. «Туризм» білім беру бағдарламасының 2, 3 курс студенттері байқауға өзекті және мазмұнды ғылыми жобалар мен туристік бағыттар ұсынды.

Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасында 27 қыркүйекке дейін жоспарланып отыр.

Экономика және басқару кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo