- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚМУ-да ҰБТ жүруде, сонымен қатар қабылдау комиссиясы құжаттар қабылдауды жалғастыруда.
20-26 маусымда ШҚМУ базасында ҰБТ өтеді.
Биыл 9 740 шығысқазақстандық мектеп түлегінің 7 мыңнан астамы ҰБТ тапсырмақ.
Тестілеу 6 күнде 6 лекпен өтеді. ҰБТ процесі онлайн байланыс арқылы көрсетіледі.
ҰБТ нәтижесі хабарландыру тақтасында тексеріледі. Сондай-ақ, биыл нәтижелерді @edu.gov.kz Telegram-бот көмегімен және edu.mail.kz сайтынан (тестіленушінің жеке кодын (ТЖК) теру арқылы) білуге болады.
Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан да нәтижелерді білуге болады. Ескерту – оны ТЖК арқылы ғана біле аласыз.
Нәтижені білудің жаңа жүйесі арқылы ШҚМУ сайты жазған: https://www.vkgu.kz/ru/newsitem/ministerstvo-obrazovaniya-i-nauki-respubliki-kazahstan-obrashchaetsya-k-abiturientam-s
Мұнымен қатар, қабылдау комиссиясы 20 маусымнан 7 шілдеге дейін шығармашылық мамандықтарға құжат қабылдайды.
Шығармашылық емтихандар өтетін мерзім – 8-13 шілде, тестілеу өтетін мерзім – 14-18 шілде.
Баспасөз қызметі