Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Ұлан ауданы мен Өскемен қаласында орналасқан облыстық мектептердің түлектеріне арналған сынақ тестілеу өтті

07.04.2018 ж. күні С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ҰТО-ның №36 филиалы арқылы Ұлан ауданы мен Өскемен қаласында орналасқан облыстық мектептердің түлектеріне арналған сынақ тестілеу өтті.

Мектеп бітіруші түлектер үшін университеттің мамандықтары бойынша біздің аймақтағы кадрларға қажеттілік және мамандық бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайында толық ақпарат берілді. Сондай-ақ, балаларға жаңадан ашылған білім беру бағдарламалары туралы мәліметтер жеткізілді. Оқушылар университетке құжаттарды қабылдау, шығармашылық емтихан тапсыру, оларға қойылатын талаптар туралы сұрақтар қойды.

Университет фойесінде мектеп оқушылары факультеттердің бейнероликтерін және университет туралы бейнефильмнің көрсетілімінен студенттердің өмірімен танысты.

Тестілеу аяқталғаннан кейін факультет декандары мен ШҚМУ кәсіптік бағдар беруші-менеджерлерден оқушылардың өздеріне мүдделі сұрақтарға жеке жауаптар алуға мүмкіндік берілді.

Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындау орталығы

Қазақ
× You found a Typo