Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Ұлан ауданының мұғалімдері мен оқушылары болды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Ұлан ауданы мектептерінің мұғалімдері болды.

Қонақтар «Зияткер», «Назарбаевтану» орталықтарын, облыстың білім мұражайын, «Altai  jastary» телестудиясын, басқа да университет бөлімшелерін аралап көрді.

Акт залында ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы  Төлеген университет қызметі туралы айтып, университетпен ынтымақтастық орнатқан, түлектері ЖОО-да табысты оқып жүрген мектеп директорларына алғыс хаттар табыстады. Мектептердің лайықты түлектеріне гранттар бөлінетінін де жеткізді.

Проректор И. Ровнякова мектеп түлектері мен оқытушыларына ШҚМУ-да оқудың артықшылықтарын айтты, олар – ЖОО-ның жоғары рейтингісі, 58 білім бағдарламасының болуы, түлектердің еңбекпен қамтылуы, әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер, гранттар, шәкіртақылар, академиялық ұтқырлық, қосдипломды оқыту, дамыған инфрақұрылым, 4 Студенттер үйі, төменгі төлемақы және басқалар.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Л. Байжұманова ЖОО-ға түсу, ҰБТ тапсыру шарттары жөнінде айтты (ҰБТ өту мерзімдері – 24-29 наурыз, 20 маусым – 5 шілде, ҰБТ-ға құжаттарды қабылдау – 1-30 сәуір).

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo