Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Уәлиев оқулары-2018» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Заманауи ғылым мен білімнің даму үдерісі» тақырыбында «Уәлиев оқулары-2018» дәстүрлі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция алдында №1 оқу ғимаратындағы Ю. Уәлиев мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.                                                                              

Іс-шарада «Педагогикалық ғылым мен білімнің дамуындағы өзекті мәселелер», «Химия ғылымының теориялық және қолданбалы аспектілері», «Жаратылыстану-техника ғылымдарының даму мәселелері мен келешегі», «Гуманитарлық ғылымның даму үдерісі» бағыттары бойынша пленарлық және секциялық отырыстар өтті

Басқосуды ШҚМУ ректоры, PhD докторы, профессор Мұхтар Төлеген кіріспе сөзбен ашты.

– Юмаш Кәрімұлының еңбек жолы – өз ісіне деген адалдықтың үздік үлгісі, оны терең ұғынып, жіті зерттеу қажет. Юмаш аға өз өмірін Өскемен педагогикалық институтымен – Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетімен байланыстырды, – деді ректор.  

Мұхтар Төлегеннің айтуынша, бүгінде аты аңызға айналған ректордың құрметіне бірқатар іс-шаралар атқарылған. Мәселен, Өскеменнің жаңа шағын ауданындағы бір көшеге қала әкімдігінің 2012 жылдың 28 маусымындағы шешімімен Ю. Уәлиев есімі берілген, Өскемен қалалық мәслихатының қаулысымен (2010 жылдың 29 желтоқсаны) 30-шы Гвардиялық дивизия көшесінің бойында орналасқан ШҚМУ-дың №1 оқу ғимаратына Ю. Уәлиевке арналған мемориалдық тақта орнатылған. ШҚМУ №1 оқу ғимаратының №430 дәрісханасына Ю. Уәлиев есімі берілген. Сондай-ақ, ШҚМУ Ғылыми кеңесінің шешімімен Ю. Уәлиев атындағы шәкіртақы тағайындалған.  

Құттықтау лебіздерін ШҚМУ-дың бұрынғы ректорлары – ҚАЕУ президенті Ережеп Мәмбетқазиев және ҰҒА академигі Арыстан Ғазалиев, Юмаш Уәлиевтің оқушысы – Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ техникалық университетінің ғылыми қызметкері Сана Қабдрахманова білдірді.

Ғалымның ұлы – «ХИМ-плюс» ЖШС-нің (Шу қаласы) департамент директоры Тимур Уәлиевтің айтуынша, әкесінің бүкіл саналы ғұмыры ЖОО-мен байланысты болды, ӨПИ оның төртінші баласындай еді.  

«Ерекше адам», «бірегей тұлға», «дарынды басшы» – Уәлиевті ардагер әріптестері осындай сөздермен еске алды.

Ғылыми баяндамаларды Медицина ғылымдары университетінің (Түркия) докторы Ахмет Бейатлы, Алтай мемлекеттік университетінің (Ресей) профессоры Наталья Базарнова, «Қазцинк» ЖШС талдау зертханасының басшысы Виктор Маслов, ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялыр факультетінің деканы Досым Ерболатұлы жасады. Пленарлық отырыс қарар қабылдаумен аяқталды.

Конференция аясында факультеттерде секциялық отырыстар өтті.

Өскемен педагогикалық институтының ректоры, химия профессоры, техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР және ҚР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, «ШҚМУ-дың құрметті профессоры», «ШҚМУ-дың құрметті ректоры» Юмаш Кәрімұлы Уәлиев көзі тірі болса биыл 95 жасқа толар еді. Ұлы Отан соғысының ардагері «Құрмет белгісі» және «Қазан төңкерісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 

Ректор лауазымында ол ширек ғасыр еңбек етті. Осы уақытта ғылыми орталықтардан жырақ жатқан жас ЖОО ректордың қажырлы еңбегі арқасында Қазақстанның жетекші институына айналды, 1997 жылы институт І дәрежелі ЖОО-лар қатарына, 1982 жылы КСРО-дағы үздік пединституттардың ондығына енді.

Қысқа мерзімде бас оқу ғимараты, 2200 орындық 4 студенттік жатақхана, оқытушыларға арналған 105 пәтерлі тұрғын үй, асханалар, медпункт, жүзу бассейні және басқа да орынжайлар салынды.

Ректор мұғалімдер дайындау сапасына мән берді, ол басқарған жылдары профессорлық-оқытушылық құрам тұрақталып, өсті, ғылыми бағыттар мен мектептер қарқынды дамыды, жаңа факультеттер мен кафедралар ашылды.

Сондай-ақ, Кеңес одағының озық ЖОО-ларымен тығыз ғылыми-кәсіби байланыстар орнады.

Юмаш Уәлиев – физикалық химия бойынша қазақ тіліндегі тұңғыш оқулықтың авторы. Ол Қаратау фосфоритін, кристалдар теориясын ғылыми зерттеумен шұғылданды.

ӨПИ-дің материалдық базасын жасап, кәсіпқойлар командасын құра білген Ю. Уәлиевтің ерен еңбегі, ұйымдастырушылық қабілеті институттың университет болып түрленуіне негіз болды.

Конференция аясында Абай атындағы құрмет медальдары Ережеп Әлқайырұлы Мәмбетқазевке және Арыстан Мәуленұлы Ғазалиевке, ал Сәрсен Аманжолов атындағы медаль Тимур Юмашұлы Уәлиевке табыс етілді.

Конференция аясында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша ІХ республикалық олимпиададағы жеңісі үшін Аяулым Қоңырова 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі – педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы  Гүлмира Макшиева.

Биыл ШҚМУ химия кафедрасы Уәлиевтің 95 жылдығына орай ЖОО аралық «Уәлиев олимпиадасын» өткізді. Ауыспалы кубок бірінші орынға табан тіреген 2 курс студенті Перизат Рысбековаға табысталды.

Конференция қорытындысында қарарға қол қойылды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo