Қаңтардың 16-сынан 20-сына дейін ШҚО-да Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өтеді. Өскеменде ҰБТ С. Аманжолов атындағы ШҚМУ базасында өтеді.
Сондай-ақ, тестілеу Семей қаласында, Күршім, Үржар, Аягөз, Зайсан, Жарма, Катонқарағай, Тарбағатай, Көкпекті аудандарында да өтеді.
Тестілеуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы облыстың Арнайы мониторинг тобы мүшелері және «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары бақылайтын болады.
Баспасөз қызметі