- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
25 қазан күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Ұлттық рухани құндылықтар және ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында дәріс өтті.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мұрындық болуымен дәріс Шығыс Қазақстан облысы бойынша ШҚМУ-да өтті.
Оны «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Дәстүрлі рухани құндылықтар» жобасы аясында өткізді. Дәрісті Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Phd-докторы Бауыржан Ботақараев жүргізді.
Дәрісте «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында қазақ тарихы, қазақ жерінде пайда болған мәдениет пен өркениттер, салт-дәстүрлер жайлы әңгіме қозғалып, дәріс соңы еркін форматқа ауысты. Студенттер ашық пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі