Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Ұлысым – ұлы мерекем» атты айтыс өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің және Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен айтыс болып өтті. Астананың 20 жылдығы мен Наурыз мейрамы қарсаңында өткен айтыс «Ұлысым – ұлы мерекем» деп аталды. Жыр додасына университет студенттері қатысты.

Атап айтсақ, «Аударма ісі» мамандығының 1курс студенті Жансая Сейіт, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2курс студенті Естай Жаңабаев, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Елдос Бұланбек және қонақ ретінде келген дәрігер Гүлназ Армия ерекше өнер көрсеткендері үшін марапатталды.

Жүлделі 3 орынды «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4курс студенті Тілек Мұрат алды. 2орын осы мамандықтың 2курсында оқитын Жұлдызай Маратбековаға бұйырды. 1 орынды болашақ тіл маманы, 3 курс студенті Аян Қалымбек еншілесе, бас жүлде даярлық тобы бөлімінің тындаушысы Гүлжан Ықыласқызының қанжығасында қалды.

Аян Қалымбек,

Өскемен қалалық жастар мәслихатының депутаты,

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3курс студенті

Қазақ
× You found a Typo