Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да университет әдістемелік кеңесінің отырысы өтті

ШҚМУ-да университет әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда үш мәселе қарастырылды.

Отырыста студенттерді тәжірибеге бағытталған оқыту мақсатында кафедра филиалдарының жұмысын ұйымдастыру, біліктілік талабының нормаларына сәйкес әдебиеттер қорының жаңаруы және университетте шығарылған оқу-әдістемелік әдебиеттерінің қолдану тиімділігі мәселелері қарастырылды.

20 маусымында университеттің Әдістемелік Кеңес отырысында ЖОО кафедраларының меңгерушілері Ж.З. Жантасова, А.К. Сейпутанова, Е.А. Малахова филиалдардың қызметін баяндап, тәжірибелік бағыттағы оқытуды жүзеге асыру бағытында серіктес кәсіпорындармен өзара қызметтестікте болудың оңтайлы тәжіриебесін ашып көрсетті. Сонымен қатар, филиалдардың ары қарай қызметін өрбітудегі конструктивті әрекеттерін дайындау мақсатындағы жұмыс топтарын құру арқылы бірқатар мәселелерді шешу  ұсынысын белгіледі.

Университеттің Әдістемелік Кеңесі 2017-2018 оқу жылындағы қызметтің жаңа бағыты мен міндеттерін айқындады.

Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі

Қазақ

Tags:

× You found a Typo