Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да университет ғалымдарының жаратылыстану бойынша оқу құралдары онлайн түрде таныстырылды

ШҚМУ-да «Үздіксіз экологиялық білім беру жағдайында білім алушылардың жаратылыстану-ғылыми дағдыларын қалыптастыру» атты оқу құралдарының тұсаукесері өтті.

Әдістемелік апталық аясында Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің Экология және география кафедрасы оқу құралдарының тұсаукесерін өткізді. 2019 жылы шыққан «Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау», «Қорғалатын табиғи аумақтар және қорық ісі» оқу-әдістемелік құралдары таныстырылды.

Оқу құралдарының авторлары – б.ғ.к., экология және география кафедрасының доценті, Ресей Жаратылыстану академиясының профессоры Анатолий Павлович Цыганов және Өскемен қаласы оқу-зерттеу экобиоорталығы директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, жаратылыстану магистрі Гауһар Нұржанқызы Темірғалиева.

Ғалымдар өз баяндамаларында ғылыми-зерттеу жұмысының маңызы, білім беру ұйымдары арасындағы тұрақты байланыс пен ынтымақтастық туралы, кәсіптік құзыреттілікті дамытуда, кәсіптік бағдар беру жұмыстарында, мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетуде барлық жүргізіліп жатқан жұмыстар мен іс-шаралардың, білім алушылардың ғылыми потенциалының қалыптасуындағы көмегі туралы атап өтті.

100 қатысушының арасында облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығының, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының өкілдері, жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша облыс және Өскемен қаласының мектеп мұғалімдері, Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің оқытушылары болды. Тұсаукесер жоғары ғылыми-педагогикалық деңгейде өтті.

Экология және география кафедрасы,

Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қолдау бөлімі

Қазақ
× You found a Typo