Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да университет қажеттілігі үшін антисептик шығарыла бастады

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ЖОО ғимараттары мен жатақханалары үшін қолды өңдеуге арналған антисептикалық құралдың алғашқы 50 литрі шығарылды.

Антисептикалық сұйықтық Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертханада өндірілуде.

– Зертханада антисептиік өндіруді қолға алдық, алғашқы күні 50 литр шығарылды. Құрал құрамында спирт, сутегі тотығы, глицерин бар. Спирт барлық бактериялар мен вирустарды жояды, сутетігі тотығы қосымша қорғайды, глицерин қол терісін ылғалдандыру үшін керек, – дейді зертхана меңгерушісі, биология докторы М. Сутула.

Өнім қажеттілікке байланысты университет ғимараттары мен Студенттер үйлері үшін, одан әрі студенттер мен қызметкерлерді қамту үшін жасалатын болады.

Сұйықтың 10, 5, 1 литрлік құтыларға құйылған.

Барлық шикізат сертификатталған, тек өнімге сертификат алу рәсімін аяқтау ғана қалды. Орын алып отырған жағдайға байланысты бұл іс тез арада бітеді деп сенеміз.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo