30 наурыз – 3 сәуір аралығында қашықтық технологиялар бөлімінің қызметкерлері университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін «Қашықтан оқытуда бұлтты технологияларды қолдану» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар ZOOM конференциясы арқылы өтті және YouTube арнасында орналастырылды (https://youtu.be/fLKc6vHtMzo).
Вебинарға қатысушылар экрандық камера және GooglePicasa, жеке бейнетүсірілімдерді жасау кезінде қосымшаларды қолданудың қадамдық процедурасымен, сондай-ақ танымал бейнехостингтерде дайын бейнематериалдарды орналастыру үшін бұлтты технологияларды қолдану процедурасымен танысты.
Осының барлығы оқытушыларға қандай да бір жаңа ақпарат алу үшін пайдалы және әдемі ресімделген, ыңғайлы және жағымды мазмұнды зерттеуге көмектеседі.
Қашықтан оқыту технологиялар бөлімі