Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да университет пен облыс прокуратурасының өкілдері қатысқан дөңгелек үстел өтті

6 желтоқсанда аталатын Прокуратура күні қарсаңында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Прокуратураның заң үстемдігін қамтудағы рөлі» дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстел модераторы облыс прокуроры Құсайын Игембаев болды. Оның айтуынша, жиын мақсаты – прокуратура органдарының рөлі мен маңызын талқылау, прокуратурадағы жас мамандарды тәрбиелеу дәстүрін бекіту.

Іс-шараға құқықтану мамандығының студенттері, оқытушылары, прокуратура қызметкерлері, ардагерлері қатысты. Ардагерлер студенттерге өз тәжірибелері туралы айтып, оларға ақ жол тіледі.

– ШҚМУ 27 жылдан астам заңгерлер дайындаумен айналысып келеді. Түлектеріміз құқық қорғау органдарында табысты еңбек етуде, біразы белгілі ғалым, адвокат. Кеше ғана ШҚМУ студенттерінің оқу жетістіктерін сыртқы бағалау аяқталды, атап өтерлігі заңгер-студенттер 95 балл жинады, – деді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор Мұхтар Төлеген.

Сөз алған ардагерлер арасында В.Н. Прыгов, А.В. Белянин, Г.Т. Найзабаев, В.А. Подрезов, Е.Ж. Қырықбаев болды.

ШҚМУ қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының доценті Г. Байыркенова еліміздегі прокуратуранның дамуы туралы көлемді баяндама оқыды.

Қатысушылар соңында қарар қабылдады, онда ШҚМУ мен ШҚО прокуратурасының маман даярлаудағы күшін біріктіру, жетілдіру, бірлескен іс-шаралар өткізу қаралған.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo