Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да университет пен Жоғры колледждің жас оқытушыларына арналған Педагогикалық шеберлік мектебі жұмысын бастады

6 желтоқсаннан бастап С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Кәсіби даярлық және біліктілікті арттыру орталығы университет пен колледждің жас оқытушыларына арналған «Педагогикалық шеберлік мектебінің» жұмысын бастады. 

Мектептің мақсаты –  жас оқытушыларды инновациялық педагогикалық технологиялармен қаруландыру, инклюзивті білім беру жағдайында оқу орнындағы айрықша білім алу сұраныстарына ие студенттермен оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды үйрету, дәстүрлі емес дәріс, практикалық, зертханалық сабақ типтерін моделдеуге баулу, олардың шығармашылық қызметіне оңтайлы жағдай туғызу.

«Педагогикалық шеберлік мектебін» ОӘЖ жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы ашты. Ол университет әкімшілігі Жастар жылында жастардың шығармашылық дамуына қолайлы жағдайлар жасауға, жастарды қолдауға көп көңіл бөлетінін айтты. 

Жас педагогтарға ф.ғ.к., доцент Б. Келгембаева «Қазіргі ЖОО оқытушысының кәсіби құзыреттіліктері» тақырыбында, п.ғ.к., доцент, «2019 жылдың үздік оқытушысы» атағының иегері С. Нұрғалиева «Жоғары білімнің заманауи трендтері» атты дәрістер оқыды. Сондай-ақ, жас педагогтардың арасында олардың инновациялық технологияларды меңгеру деңгейін анықтайтын кіру сауалнамасы жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, «Педагогикалық шеберлік мектебі» апта сайын жұма күндері сағат 16.00 мен 17.30 аралығында өтеді.

Мектеп бағдарламасында дәріс, практикалық сабақтар, тренингтер, тәжірибелі оқытушылардың ашық сабақтарына қатысу жоспарланған. «Педагогикалық шеберлік мектебі» жас педагогтардың біліктілігін арттырып, кәсіби педагог тұлғасын қалыптастыруға оң әсерін тигізеді деген үміттеміз.

Кәсіби даярлық және

біліктілікті арттыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo