Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да университет ректоры мен ғалымдары «Азия Авто» басшыларымен кездесті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ректор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген мен университет ғалымдарының «Азия Авто» АҚ президенті, т.ғ.к. Ерік Ерласұлы Сағымбаевпен және «Азия Авто» АҚ өндіріс жөніндегі директоры Сергей Владимирович Екимовпен кездесу-кеңесі болып өтті.

Ерік Сағымбаев – ШҚМУ физика-математика факультетінің түлегі, 2013 жылы «Азия Авто» АҚ президенті болып тағайындалған.

«Азия Авто» АҚ еліміздегі жеңіл автокөліктердің ірі өндірушісі болып табылады.

«Азия Авто» АҚ-да LADA (Granta, Vesta, Xray, Largus, Kalina,4×4), ŠKODA (Octavia, Rapid, Superb, Yeti, Kodiaq), Chevrolet (Aveo, Captiva, Cruze, Tracker), KIA (Rio, Cerato, Optima, Cadenza, Quoris, Picanto, Soul, Sportage, Sorento, Mohave) маркалы автомобильдер шығарылады.

«Азия Авто» АҚ-ның толық циклды автозауыт салу жобасы Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына енген.

Ректор қонақтарға ғалымдарды таныстырып, ЖОО жоспарлары туралы айтты, университет өңірдегі өндірістік кәсіпорындармен маман даярлау және инновациялық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастықты кеңейтуді көздеп отырғанын атап көрсетті. Университет ғалымдары өз жобалары мен мүмкіндіктерін сөз етті.

Е. Сағымбаев өз кезегінде компанияның қызметі, іске асырылып жатқан және жоспарланған жобалары туралы баяндады.

Тараптар өндірісті және басқаруды ақпараттандыру, автоматтандыру, 3D жобалау бойынша жобаларды әзірлеуге, студенттердің іс-тәжірибесі мен қызметкерлердің тағылымдамасын ұйымдастыруға уағдаласты.

Ректорат

Қазақ
× You found a Typo