Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да университет ректорының Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесуі өтті

27 қыркүйекте С.Аманжолов университетіне Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэ Сик келіп, университетіміздің ректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлымен кездесті.

 Кездесу барысында Университетіміздің ректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Корея арасындағы білім және ғылым  саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Әсіресе Джионгсанг университеті,  Католикалық университет,  Дэгу университеті, Ұлттық Пусан университеттерімен ынтымақтастық туралы келісімшарттың тиімді жүзеге асырылып жатқанын баса айтты.

Университетіміздің студенттері Кореяның университтерінде академиялық ұтқырлықтан өтіп, өз білімдерін шыңдауда. Әсіресе, Оңтүстік Кореяның Джионгсанг ұлттық университетінде 4 студент, Дэгу қаласындағы  Иоан Павла ІІ Католикалық университетінде 7 студент  академикалық ұтқырлық бағдарламасымен оқып келді. Сонымен қатар,  университетімізге Оңтүстік Кореяның студенттері келіп оқуға деген ниеттерін жиі білдіріп тұрады. Атап айтсақ, Оңтүстік Кореяның Джионгсанг ұлттық университетінен 1 студент, Дэгу қаласындағы  Иоан Павла ІІ Католикалық университетінен 3 студент  академикалық ұтқырлық бағдарламасы бойынша университетімізде білім алып қайтты.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен қоса,  оқу орынымызда Оңтүстік Кореядағы  Пусан ұлттық университетінің профессоры Санг Мэй Ли, Корея мемлекетінің  «World Friends Korea» бағдарламасы бойынша волонтер болып жұмыс атқаруда.

Елші Ким Дэ Сик университетіміздің ғылыми әлеуетін бағалай отырып, «Археология», «Жасыл энергия»,  «IT-технология» саласындағы ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды ұсынды. Сонымен қатар, студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамы арасындағы академиялық ұтқырлықты ары қарай дамытуды ұсынды. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін университетіміздің ректоры Мұхтар Төлегенді өз елдеріне қызметтік іс-сапарға шақырды.

Елші Ким Дэ Сик университетіміздің «Шет тілі: екі шет тілі», «Аударма ісі», «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттеріне Корей мемлекетінің экономикалық-әлеуметтік және мәдени дамуына арналған ашық дәріс өткізді. Дәріс өте тартымды өтті.  Қызығушылық танытқан студенттер өз сұрақтарын қойып, тұжырымды жауаптар алды.

Сөз соңында «Шет тілі: екі шет тілі және аударма ісі» кафедрасының меңгерушісі Г.К.Капышева сөз алып, университетіміздегі «Шет тілі:екі шет тілі»  мамандығының студенттері екінші тілі ретінде корей тілін оқитынын және оқу орнында «Корей тілі» оқу кабинеті тиімді жұмыс істейтінін айтып өтті.

Университетіміздің ректоры М.Төлеген оқу орнымыздағы  білім беру жүйесі әлемдік тенденциялардан кешеуіл қалмай  әлемдік ғылым мен техника жасаған «әлемдік стандарттарға» сай жұмыс атқаруы үшін барлық жағдайлар жасауда. Атап айтсақ, жыл басынан бастап, шетелдердің алдыңғы қатарлы университеттерімен білім, ғылым, мәдениет саласында бірнеше келісім-шарттар жасады.

Естеріңізге сала кетсек, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ кореялық университеттермен ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдар жасасқан болатын. Джионгсанг университетімен (Оңтүстік Корея) қосдипломды бағдарламалар бойынша, студенттермен алмасу бойынша, академиялық ауысым және ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасалды.

Дэгу католиктік университетімен (Оңтүстік Корея) студенттер мен магистранттардың академиялық ауысым бағдарламаларын дамыту; ғылыми отырыстарға, симпозиумдарға, конференцияларға, семинарларға қатысу; дәрістер циклын оқу, оның ішінде қашықтықтан оқу үшін оқытушылармен алмасу; халықаралық жобаларға бірлесе қатысу; индекстелетін журналдарда бірлескен зерттеулер нәтижелерін жариялау және білім беру мен ғылыми ынтымақтастықтың өзге формалары бойынша келісімге қол қойылды.

Өзара түсіністік туралы меморандум Пусан ұлттық университетінің инженерия факультетімен (Оңтүстік Корея) де жасалып отыр. 

Тарих, филология және халықаралық

қатынастар факультетінің деканы

Ә. Өскембай

Қазақ
× You found a Typo