С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да төрт бөлімнен тұратын, оқу орнының жұмысы туралы баяндайтын үш тілдегі фильм жарық көрді.
Төрт бөлім: «ШҚМУ - жоғары білім беру көшбасшысы!», «ШҚМУ: халықаралық әріптестік», «ШҚМУ - ғылым мен өндіріс», «ШҚМУ – әлеуметтік бағыты бар, адал ЖОО». Мұнда университет тарихы, заманауи дамуы, сондай-ақ, ғылыми жұмыс, халықаралық серіктестік, әлеуметтік жобалар туралы айтылады.
Бейне роликті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ сайтынан немесе университеттің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан көруге болады.
https://www.vkgu.kz/kk/page/talapkerge.html
Баспасөз қызметі