Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да университеттің Ашық есік күні өтті

18 қараша ШҚМУ-да Ашық есік күні өтті. Шараға Өскемен қаласының 1, 2, 3, 4, 6, 9, 11, 12, 15, 16, 17, 19, 20, 22, 23 жалпы білім біру мектептері мен облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің оқушылары қатысты.

Шараны өткізу форматы өткен жылдардан өзгеше болды. Арнайы алаңқайда балаларды декандар, кафедра меңгерушілері, оқытушылар, студенттер қарсы алып, оларды университет мамандықтарымен таныстырды.

Мектеп бітіруші түлектерінің көпшілігі жоғары оқу орнын таңдау бойынша анықталып қойғанына қарамастан, алаңқайда біздің университеттің мамандықтарында оқу мүмкіндіктерін көріп, ШҚМУ-ды таңдауды ой елегінен өткізді.

Өскемен қаласында орналасқан басқа мектептер үшін университеттің ашық есік күні 25 қараша өткізіледі.

 Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындау орталығы

Қазақ
× You found a Typo