- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
18 сәуірде С.Аманжолов атындағы университетте өткізілген әдістемелік кеңестің кезекті отырысы «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» әдістемелік жаңартылған курсы мен экономика және құқық факультеті мамандықтары бойынша түлектерді дайындаудың сапасын арттыруға байланысты түйінді екі сұрақ қарастырылды.
«Тіл әлемі» саяси тіл таным орталығының жетекшісі Г.М.Нуралинова «Саяси тіл» халықаралық тілдер бағдарламасының ғылыми таным орталығы қызметіндегі негізгі бағыттарды және оның басты мақсаты – бәсекелестікке қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған саяси тіл танымын университетте жүзеге асыру туралы ұсыныс жасады.
Семинарда бірқатар шешімдер қабылданды. Оның ішінде шетел тілдерінде оқу сабақтарын жүргізуші оқытушыларға әлеуметтік көмек беру бағдарламасын университетте қалыптастыру да көзделген.
Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірбие және жұмысқа орналастыру бөлімі