Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Үш тіл – үш тұғырлы ел» білгірлер сайысы өтті

«100 нақты қадам» жобасы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың биология кафедрасында «Үш тіл – үш тұғырлы ел» білгірлер сайысы өтті.

Ұлтаралық ынтымақты дәріптеу, жас ұрпақты отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Үш тіл – үш тұғырлы ел» сайысы өтіп, биология мамандығының 1-4 курс студенттері белсенді қатысты.

Сайыс үш тілде жоғары дәрежеде өтті. Биология кафедрасында осы оқу жылы бірінші курсқа қабылданған студентердің бір тобы толығымен барлық сабақтарды ағылшын тілінде, тағы бір кіші топ үш тілде оқып жатыр.

Қазылар алқасында факультет деканы Д. Ерболатұлы, кафедра меңгерушісі А. Кітапбаева, үш тілді жетік меңгерген кафедраның аға оқытушысы Ж. Қабатаева болды.

Аталымдар былай бөлінді: «Көркем сөздің иесі» – 4 курс студенті Жансая Нұрсұлтан, «Ұшқыр ойдың иесі» – 3 курс студенті Қуат Айтқазынов, «Үш тілдің үздік мергені» – 2 курс студенті Асылзат Жаушыбек.

1 орынды «Самғау» мен «Education» командалары тең бөліп алды, 2 орынды «Universe Butterflies», 3 орынды «Қырандар» және «Адреналин» командалары иеленді.

Сайысты өткізуге Биология білім беру бағдарламасының эдвайзері Г. Көмекова, магистрант Ж. Талғатова және 2 курс студенттері белсенді қатысты.

Биология кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo