Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да үштілді білім беру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Өңірдегі үштілді білім беруді жүзеге асыру тәжірибесі: проблемалары мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел модераторы оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы болды.

Қатысушыларға стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И. Ровнякова құттықтау сөз сөйледі. 

Қатысушылар көптілділік жүйесін жүзеге асыруға, НЗМ жүйесінде және жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде үштілді білім беруді жүзеге асыру тәжірибесін талдауға байланысты мәселелерді талқылады, үштілді білім беру жағдайында тілдерді оқытудың инновациялық тәсілдерін түсіндірді.

Дөңгелек үстел спикерлері ретінде «Шығыс» орталығы директорының орынбасары А. Исаев, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы директорының орынбасары Н. Шушанникова, Шәкәрім университетінің оқытушысы А. Жұманиязова, Өскемен НЗМ-нің ағылшын тілі мұғалімі, тіл пәндері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Л. Сақадиева, ШҚМУ компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті, С. Көбентаева, Қазақ-Америка еркін университеті шет тілдері кафедрасының доценті В. Герсонская, ШҚМУ биология кафедрасының аға оқытушысы А. Тоқтасынова, ШҚМУ химия кафедрасының оқытушысы Е. Мүбәрак қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға CLIL әдістемесін қолдану арқылы интерактивті сабақтардың фрагменттері көрсетілді.

CLIL әдісінің сертификатталған жаттықтырушысы, ШҚМУ «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығының әдіскері А. Сайлаубаева шағын тренинг өткізді.

Талқылауда қатысушылар үштілді білім беруді жүзеге асыру проблемаларын атап өтті және қатысушылардың одан әрі ынтымақтастығының келешегін белгіледі.

Кездесу соңында қарар қабылданып, қонақтар мен қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

«Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығы

Қазақ
× You found a Typo